Теміртауда 1250 үй табиғи газға қосылған
Теміртауда 3364 жеке үй табиғи газ желісіне қосылады.
Орталық магистральдан тартылған ішкі құбырлар үй іргесіне келіп тұр. Жалпы бүгінгі таңда қалада 1250 абонент көгілдір отын пайдаланып отыр. Газдандыру жобасы 2023 жылы сәуір айында басталып, 44 шақырымға жуық желі жүргізілді. Жыл соңына дейін соңғы, үшінші кезеңі аяқталады. 8 газ тарату кешені іске қосылған кезде жалпы саны 6344 үй табиғи отынмен қамтылады. Сондай-ақ, металлургиялық комбинатқа газ тарту мәселесі шешімін табады. Бұл қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға ықпал етеді, дейді өңірге жұмыс сапарымен барған Мәжіліс депутаттары.
Асхат Аймағамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Басты мәселе енді бұл жерде қаражаттың уақытылы республикадан келуі мәселесі. Сол ғой. Сондықтан бізде жобалар бар. Бірақ республикадан қосымша қаражат керек. Осы мәселені біз талқылап жатырмыз. «Qarmet»-ке газ әкелсек оған тиісті құрылғыларды да дайындау керек қой. Сондықтан оны бір-бірімен біз ұйқастыруымыз керек. Оған газды әкелу керек, оған жаңа магистраль салу керек, оған «Qarmet»-тің өзінің дайындығы, модернизациясы дегендей. Міні осы мәселені де біз талқылап жатырмыз.