Алматыда мыңнан астам жұмысшы қар тазалауға жұмылдырылды
Қардың қалыңдағы қала ішінде 14 сантиметрге жетсе, тау бөктерлерінде 20 сантиметрден асты.
Көлік жолдарынан бөлек шағын техниканың көмегімен тротуарлар, қоғамдық орындар, әлеуметтік маңызды нысандар, тұрақтар тазаланды. Ауа температурасы түнде минус 13-ке дейін төмендейді. Сондықтан жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілеріне жолда абай болу туралы ескерту жасалды. Айта кетейік, ауа райына байланысты Алматы халықаралық әуежайында бірқатар рейс кешіккен. Бұл туралы Алматы әуежайының баспасөз қызметі мәлімдеді. Ұшу уақыты кейінге шегерілген рейстер қатарында «Алматы-Астана», «Алматы-Шымкент» және өзге де бағыттар бар. Сондықтан ұшақпен ұшатын жолаушылар әуежай сайтынан ақпаратты біліп отырғандары жөн.