Маңғыстауда әмбебап электр станциясының құрылысы таяуда аяқталады
Маңғыстау облысында қуаттылығы 247 МВт әмбебап электр станциясының құрылысы жақында аяқталады.
Ол күн сәулесінен, желден және газдан энергия өндіретін болады. Станция іске қосылған кезде Жаңаөзен қаласындағы кәсіпорындарды, мұнай және газ өңдеу зауыттарын тоқпен қамтамассыз етеді. Құрылыс барысымен Мәжіліс депутаттары танысты. Жоба жүзеге асқан кезде ауаға таралатын көмірқышқыл газының мөлшері айтарлықтай азайып, экологиялық ахуал жақсарады. Наурыз айында құрылысты аяқтау жоспарланған. Келешекте мұнда 70 адам жұмыс істейді.
Еділ Жаңбыршин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Мұндай әмбебап электр станциясы бізде болған емес. Тіпті оны салудың жүйелі құрылыс жоспары да жоқтын. Сондықтан Самат Базарбайұлы екеуміз оған қатысты нормаларды электр энергетикасы заңнамасына қосуға күш салдық. Сөйтіп қыркүйек айында күшіне енген жаңа жылуэнергетика жөніндегі заңда қамтылды. Міне соның алғашқы жемісі осы жоба. Құрылыс кесте бойынша атқарылуда. Оған шамамен 350 миллион доллар инвестиция құйылған.