Мәслихат депутаттарының белсенділігі артып келеді

 

Ұлытау облысындағы мәслихат депутаттары Парламенттегі заңнамалық жұмыстарға қатысуға ниетті.

Сенат пен Мәжілістің талқылауындағы заң жобаларына қатысты өз пікірін білдіретін депутаттар көбейген. Мысалы былтыр ұлытаулық депутаттар 10-нан астам ұсыныс жолдаған.  Парламент Мәжілісінің депутаты Ерболат Сатыбалдин «бұл үрдісті одан әрі жетілдіру қажет», - дейді. Аймаққа жұмыс сапарымен барған Сатыбалдин жергілікті депутаттармен кездесіп, ортақ  жұмыстың негізгі бағыттарын түсіндірді.  Өңірдің өзекті мәселелеріне қатысты әріптестерінің ұсыныс-тілегін тыңдады. Сонымен қатар еңбек ұжымдары және белсенді жастармен жүздесті.     

Ерболат Сатыбалдин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Жылу орталықтарының мәселелері, экологиялық, ауызсу мәселелері, балабақша, мектептердегі балаларды оқыту жағдайы деген сияқты сұрақтар халықты мазалайды. Біз өзімізге де бірнеше бағытта қазір жұмыс істеуге қажетті сұрақтарды түртіп алып, кетіп бара жатырмыз.