Суды көп тұтынғандар көп төлейді

11 өңірде жеке тұлғалар үшін ауызсуды тұтынудың әлеуметтік нормалары енгізілді. Жаңа тариф алгоритмі «неғұрлым көп тұтынсаңыз, соғұрлым көп төлейсіз» принципіне негізделеді.

Ақмола, Ақтөбе, Түркістан және Ұлытау облыстарында, сондай-ақ Алматы, Шымкент қалаларында "әлеуметтік тұтыну нормаларын" енгізу нәтижесінде ай сайын орта есеппен 1,65 млн текше метр су үнемделмек. Әзірге мұнда орташа тұтыну көлемі 21 млн текше метрден асады. Кейінгі көрсеткіш 19,5 млн текше метрге дейін төмендейді. Сараланған тариф бүгінге дейін алты өңірде енгізілген ед. Мамандар оның тиімділігін байқады. Енді жыл соңына дейін Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында енгізуді көздеп отыр.