Колледждер 2000 білім беру бағдарламасын әзірлейді
Колледждер жұмыс берушілермен бірлесіп 2 мыңнан астам білім беру бағдарламасын әзірлейді.
1,5 мың педагог өндіріс базасында тағылымдамадан өтеді. Нәтижесінде экономикаға нақты қажетті мамандар даярланады. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында осылай деп мәлімдеді. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту үшін бизнес құрылымдар мен инвесторларды тарту жоспарланып отыр. Қазір небәрі 518 кәсіпорын колледждерге қамқорлық көрсетіп отыр. Алдағы уақытта осындай кәсіпорындар санын 4000-ға жеткізу жоспарлануда.