М. Әшімбаев: Президент бағдарламалық сұхбатында алдағы басым бағыттарды белгілеп берді
Бүгінгі Сенаттың жалпы отырысында палата спикері таяуда мемлекет басшысының «Аna tili» газетіне берген бағдарламалық сұхбатында қамтылған басым бағыттардың маңызына назар аударды.
Мәулен Әшімбаев көлемді материалда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты маңызды сауалдарға жауап берілгенін, сенаторлар өз кезегінде өңірлерге сапары кезінде жергілікті жұртшылықпен кездесіп, сұхбаттың негізгі ойларын халықпен бірге талқылағанын атап өтті. Биыл депутаттар елімізді одан әрі дамытуға арналған бірқатар маңызды заңдарды қарайды. Спикер оларды сапалы пысықтап, уақытылы қабылдауымыз қажет, - деді.