Мәжіліс депутаттары Түркістан облысының кәсіпкерлерімен кездесті
Түркістан облысының кәсіпкерлері экзотикалық өнім түрлері мен экспортқа шығаратын голландиялық гүлдерді депуттаттарға таныстырды, деп хабарлайды 24kz.
Жылыжай кешенінде жоғары сұрыпты қызанақ, қияр сынды әлеуметтік маңызы бар көкөністермен қатар банан, папайя сынды экзотикалық өнімдер, гүлдер өсіріліп, еліміздің экспорттық әлеуетін арттырып отыр. «Amanat» партиясы фракциясының мүшелері Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы бірқатар кәсіпкерлік нысанды аралап, аудандағы іскерлік ортаның өзекті мәселелерін тыңдады. Шаруалар гүл нарығындағы демпинг пен экспорттаудағы кедергілерге тоқталып, Мәжіліс депутаттарынан қолдау сұрады.
Тұрсын Тасқоджаев, кәсіпкер:
- Үш гектардай гүл еккенбіз. Раушан гүлдерін Голландиядан тұқымдарын алып келіп. Сол сапада шығарып жатырмыз. Енді біздің базарымызды Қытайдың гүлдері сындырып жатыр. Бұл салаға кіргеннен кейін енді біліп жатырмыз ғой. 2024 жылдың соңында Өзбекстанға экспорт жасадық гүлді. Экспорт жасағанда 7 күн дегенде Өбекстанға кіріп бардық. Бізде, мысалы, Ташкент қаласына 15 км арада. Ал шеттен келіп жатқан гүлдер қалай бізге келіп жатыр. Сол мәселелерді осы депутаттарға айтып, көтереміз бе деген ойларымыз бар.