Заң мен тәртіп: былтыр елімізде есірткі тасымалдаушы 94 арна жойылды
Былтыр елде есірткі тасымалданатын 94 ішкі арна жойылды.
Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, 3 мыңнан астам қылмыстық іс қозғалған.
Рудныйда ер адам өз үйінде қарасора өсірген. Полиция қызметкерлері прокуратураның көмегімен оның зертханасын жойды. Күдіктіден психотроптық заттар, құмыра, фитолампа және желдеткіштер тәркіленген. Былтыр полицейлер мұндай бақылау әдісі арқылы ішкі арналарды тауып, қылмыстық әрекеттерді тоқтатты.
Данияр Мейірхан, ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары:
- Нәтижесінде есірткіні жеткізудің 94 ішкі арнасы анықталды. Оның 55-і синтетикалық заттармен байланысты. 137 келіден астам синтетикалық есірткі мен 2 тонна прекурсор тәркіленді.
Өткен жылы елорданың өзінде 500-ге жуық қылмыстық іс қозғалған. Құзырлы органдар заңсыз айналымнан 300 келіден астам синтетикалық және психотроптық заттарды шығарды. Одан бөлек 224 сайт пен телеграм-чат бұғатталған.
Әлия Қибатқызы, қалалық полиция департаментінің аға жедел уәкілі:
- Қазіргі таңда каннабистік-апиын тектес есірткі заттарына сұраныстың азаюына байланысты синтетикалық есірткі заттарын тарату, соған қатысты жұмысты жарнамалауға, әсіресе, жастарды баулиды. Ол 16-25 жас аралығындағы жастар, жасөспірімдер дейміз оларға телефондарына немесе әртүрлі мессенджерлерден хабарлама келіп, жұмысқа шақырады.
Отандық полицейлер халықаралық ынтымақтастық аясында трансұлттық есірткі арналарын да жоюға күш салып жатыр. Мысалы, былтыр Қырғыз Республикасының мамандарымен бірлесіп, Жамбыл облысында 2 сыртқы операция жүргізілген.
Данияр Мейірхан, ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары:
- Бұл екі трансұлттық есірткі каналының жолын кесуге мүмкіндік берді. 16 келіден астам гашиш тәркіленді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.
Министрліктің мәліметінше, былтыр елде есірткіге қатысты ұзын саны 8 мыңға жуық құқықбұзушылық тіркелді. Оның 3 мыңнан астамы - қылмыс. 63 зертхана жойылды. 21 тоннадан астам есірткі тәркіленген. Еліткіш заттарға қатысты ақпаратты қамтитын 7400 интернет-ресурс анықталып отыр.
құқық бұзушылық - 8000
қылмыс - 3 430
зертхана - 63
есірткі - 21 тонна
интернет-ресурс - 7400
Еркебұлан Смадияров