Павлодардағы өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметкерлері біліктілігін арттыра бастады
Павлодардағы өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметкерлері біліктілігін арттырып жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Бұл Мемлекет басшысының Жұмысшы мамандықтары жылы туралы бастамасымен жүзеге асырыла бастады. Оның аясында зауыт жұмысшыларына жаңа дағдылар, ұжымдаса жұмыс істеу мен мәселелерді шешуді үйретеді.
«Осындай бастамаларды қолдаудың арқасында жұмысшы мамандықтарға деген қызығушылық арта түседі», - дейді қызметкерлер.
Ердәулет Әбдірайымов, «Нефтехим компаниясы LTD» ЖШС қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау жөніндегі инженері:
- Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау – маңызы зор мамандық. Себебі, ұжымдағы әрбір жұмысшының өмірі мен денсаулығы бәрінен де биік тұрағандықтан, біз ережелердің қатаң сақталуын қадағалаймыз.
Радомир Куимов, «Нефтехим компаниясы LTD» ЖШС МТБЭ технологиялық қондырғыларының операторы:
- Мен еліміздің Президентінің Жұмысшы мамандықтары жылы туралы бастамасын толығымен қолдаймын. Жұмысшы мамандығы қазір бұрынғыдан да өзекті әрі қажет, ол біздің еліміздің дамуында шешуші рөл атқарады. Осындай бастамаларды қолдаудың арқасында жұмысшы мамандықтарға деген қызығушылық арта түсетініне сенімдімін, ал жас ұрпақ мұны өз келешегі және өзін-өзі дамыту мүмкіндігі ретінде қарастырады.