Депутат кітапхана ісін жетілдіру бойынша ұсыныстар айтты

Елдегі кітапханалардың қызметін жетілдіріп, мазмұнын трансформациялау қажет. Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов кітапханаларды заманауи ақпараттық-білім беру орталығына айналдыруды ұсынды.

Сондай-ақ балалардың оқу сауаттылығы мен сыни ойлау дағдыларын дамытуға үлес қосуы қажет. Елордадағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесімен танысқан Мәжіліс депутаты жас мамандармен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады. Бүгінде салаға ақпараттық қызмет менеджері, референт сарапшы сияқты мамандар қажет. Алайда, жоғары оқу орындарында маман даярлаудың жаңа стандарттары енгізілмеген.

«Кітапханашылар мәртебесін арттырып, әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін болашақта жаңа заң қабылдануы тиіс», - дейді Мәжіліс депутаты.

Магеррам Магеррамов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Кітапханашылар қазір білім саласында және мәдениет саласында жұмыс істейтін деп екі санатқа бөлінеді. Біздің ойымызша, кітапханашыларды ортақ реестрге біріктіріп, олардың еңбекақысын қайта қарастырған жөн. Екіншіден, кадрларды қазіргі заман талабына сәйкес дайындауды қолға алу керек. Және ең бастысы, елімізде әлі күнге дейін кітапханашы қызметі туралы заң жоқ. Алдағы уақытта осы саланы реттейтін заңды қабылдау үшін жұмыс істейін боламыз.