Қарағанды облысында қант диабетімен ауыратындар саны артқан

Қарағанды облысында соңғы екі жылда қант диабетімен ауыратындар 19 пайызға көбейген.

Жыл сайын 3000 тұрғын осы дертке шалдығады. Сондықтан алдын алу шаралары күшейтілді.

Сусамыр асқынып кетсе, қан тамырлары семіп, адамның мүгедек болып қалуы мүмкін. Соған жеткізбес үшін, облыс орталығында «диабеттік табан орталығы» ашылды. Онда профилактикалық ем-дом жасалады.

Өңірде 40 мың тұрғын қант диабетіне шалдыққан. Оның 1800-і инсулинге тәуелді. Бұл аурудың асқынған сатысы. Былтыр дерті әбден меңдеген 100 науқасқа операция жасалып, саусағы мен аяғы ампутацияланған. Жалпы соңғы екі жылда облыста сусамырмен ауыратындар 19 пайызға көбейіп кетті. Облыстық клиникалық аурухана жанынан ашылған диабеттік табан орталығында профилактикалық шаралар жүргізіледі. 

Евгений Морозов, диабеттік табан орталығының директоры:

- Орталықты ашудағы басты мақсатымыз – науқастарды уақытылы бақылауға алып, медициналық көмек көрсету. Соның арқасында қант диабетіне шалдыққан жандардың ұзағырақ өмір сүруіне жағдай жасаймыз. Дертін асқындырып алғандың қолы мен аяғын ампутациялайтын кездер болады. Біз үшін бұл операция өте ауыр. Ал науқасқа тіптен қиын. Мұндай кезде оның жақындары қолдау көрсетпесе күйзелісе түсіп, 5 жылда дерті меңдеп кетуі мүмкін.

Жаңа орталықта хирург, подолог, эндокринолог, невропотолог, окулист және нефролог дәрігерлер қызмет көрсетеді. Науқас бір жерде кешенді медициналық тексеруден өтеді. Тіпті қант диабетімен енді есепке алынған тұрғындар да осында шақыртылады. Сырқаттар ауруын асқындырып алмас үшін, профилактикалық шаралардың маңызы зор, дейді мамандар. 

Бибігүл Төлегенова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Өңірде қант диабетімен сырқаттану өршіп тұр. Оныс медициналық статистика деректері растап тұр. 2024 жыл бойынша бізде 40 мың тұрғын диспансерлік есепте тұр. Өсу себептері ол артық салмақ және семіздігі бар адамдарс анының артуы, егде жастағы адамдардың басым болуы, халықтың төмен өсімі.

Дәрігерлердің айтуынша қант диабетімен ауыратындар үшін бірінші кезекте дұрыс тамақтану қажет. Көпшілік арасында сусамыр дерті көбеймес үшін қаладағы 5 емханада дұрыс тамақтануды үйрететін кабинеттер ашылған. Жақында облыстық клиникалық және балаар ауруханасы да осындай қызмет түрін еншізеді.

Руслан Нұрланұлы, Сайран Ақамбаев, Сайлау Игіліков