Елімізде есірткі өндіргендерге жаза қатаңдатылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа заңға қол қойды, деп хабарлайды 24kz.

Маңызды құжатта тыйым салынған өнімді «жасырын тасушыларға» қолданылатын шара жеңілдейтіні көрсетілген. Есірткімен ұсталғандар ғана емес, аталған қылмыстық әрекеті үшін лауазымды адамдардың да жауапкершілігі күшейтіліп отыр. Ережені ескермей, заңды белден басқандардың мүлкі тәркіленіп, 15 жылдан 20 жылға дейін темір торға тоғыту қарастырылған.

Айта кетсек, соңғы бір жылда елімізде 22 тонна есірткі тәркіленіп, 3000 -нан астам қылмыс анықталған.