Үш жылда 7000-ға жуық жалған банкнота айналымнан алынды

Қаржылық мониторинг агенттігі валюталық операцияларды жүзеге асыру кезінде сақ болуға шақырады. Олар азаматтардың шынайы ақшаны жалған немесе сувенирлік банкноталардан ажырата алмайтынын алға тартады.

Өткен жылы ел аумағында 1613 жалған банкнота айналымнан алынған. Олардың жалпы құны 80 миллион теңгеден асады. Ал екі жыл бұрын бұл көрсеткіштің екі есе жоғары болғанын статистика көрсетті. Биыл жалған банкнота жасап, оны сатумен айналысқан 8 адам сотталды. Қылмаскерлер 5 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Кейінгі 3 жылда айналымнан алынған жалған ақша көлемі:

2024 жылы – 1613 жалған банкнота

169 – 723 300 теңге

1410 – 139 250 АҚШ доллары

24 – 12 000 евро

10 – 1000 юань

 

2023 жылы – 1763 жалған банкнота

384 – 1 378 200 теңге

1342 – 120 050 АҚШ доллары

34 – 17 000 евро

 

2022 жылы – 3 523 жалған банкнота

478 – 1 394 650 теңге

3038 – 267 550 АҚШ доллары

2 – 600 евро

2 – 600 юань