Ақтөбедегі қанды қылмыстан зардап шеккен әйел палатаға шығарылды
Ақтөбеде болған қанды қылмыста зардап шеккен әйел реанимациядан шығарылды.
Соққыдан миы шайқалған жәбірленуші облыстық көпсалалы аурухананың нейрохирургия бөліміне көшірілген. Дәрігерлер өміріне қауіп жоқ дейді. Қайғылы оқиға шаһардың Мәскеу шағын ауданында кеше кешке болды. 41 жастағы әйелді танысы тұтқынға алып, соққыға жыққан. Үш сағатқа созылған келіссөзден нәтиже болмаған соң полицейлер тұтқынды құтқару операциясын өткізді. Күдікті қолға түскеннен кейін баспананың жертөлесінен ауыр жарақат алған қария мен егде тартқан әйел табылды. Екеуі де қайтыс болды. Қазір бұл іске қатысты қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүріп жатыр.