Елімізде жемқорлардың тізілімі жасақталады

Елде сыбайлас жемқорлардың жария тізілімі енгізіледі. Бұл туралы Мәжіліс отырысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары мәлімдеді.

Ұлан Сарқұлов: «Осылайша, қоғамда парақорлыққа төзбеушілікті қалыптастыруға болады», - дейді. Тізілімде ауыр немесе аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін сотталғандар туралы мәлімет қамтылады. Сәйкесінше, ақтау үкімінің заңды күшіне енуі және соттылықтың өтелуі азаматтың реестрден шығарылуына негіз болады. Қалың көпшілік тізілімді Агенттік сайтынан көре алады.