Елде 4 мыңнан аса адам ағзасын ауыстыруға кезекте тұр

Мүше трансплантациясына мұқтаж жандардың басым көпшілігіне бүйрек қажет. Сол секілді бауыр, жүрек, өкпеге зәру жандардың да қарасы қалың.

Жалпы елде 2012 жылдан бері ағза трансплантациясы жасалып келеді. Сол сәттен бері мыңдаған жан донор атанып, адамдарға екінші өмір сыйлаған. Қан тапсырып, науқастарға жәрдемдесіп жүргендер де бар.

Жылына 220 мың ел тұрғыны  ерікті түрде қан тапсырады. Ағзаға пайдалы әрекеттің екінші адамға өмір сыйлайтынын білетін олар, донорлықпен тұрақты түрде айналысады. Ал орта есеппен бір күнде мыннан астам науқасқа, жыл бедерінде 380 мың қазақстандыққа қан құйылады екен.  

Айгерім Сағамбаева, Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының Донор кадрларын жинақтау бөлімінің меңгерушісі:

- 2024 жылы 31 мың донор келген. Олар 39 мың данация жасаған.  Бұл Астана қаласы бойынша. Негізінен ҚР бойынша 220 мыңдай донор қан тапсырған.   +++ 00.48/ Көбінесе хирургиялық,аккушерлік, онкологиялық ауруларға, сондай науқастарға қан құйылады. 

Ағзасын ауыстыруға мұқтаж халықтың да қарасы қалың. Қазір донор трансплантациясына кезекте 4 мыңнан астам адам тұр. Оның 3700-не бүйрек, 190-на бауыр керек. Сондай-ақ, 145 жан жүрекке, 21 адам өзге біреудің өкпесіне мұқтаж.

Қайрат Иманбаев, Үйлестіру орталығының координаторлар бөлімінің басшысы:

- 2024 жылы Қазақстанда 260 ағза трансплантация  болды. Оның 237-і тірі донорлық трансплантация болды.  23-і қайтыс болған ми өлімі  деңгейіндегі трансплантация жасалды. Трансплантация бағдарлама бойынша 12 жылдан бастағанда азғалық трансплантацияда 2 810 мүше ауыстырылды.

Иә, 12 жылдан бері ақ халаттылар 3 мыңға жуық адамға екінші өмір сыйлады. Осы уақытта 2 мың адамның бүйрегі, 545  азаматтың бауыры, 98 жанның жүрегі және 22 отандасымыздың өкпесі ауыстырылды.

 

Авторлары: Шернияз Жалғасбекұлы, Қанат Махмутов, 24КЗ