Сенат депутаттары өңірлерге сапарын қорытындылады
Сенат депуттарының өңірлерге сапары қорытындыланды. Сенаторлар жергілікті халықты алаңдатқан өзекті мәселелерді назарына алды.
Олардың бірқатары бойынша алдағы уақытта депуттаттық сауалдар жолданып, Палатаның жұмыс жоспарына енгізілмек. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлімдеді. Жиында сонымен қатар алдағы отырыста талқыланатын іс-шаралар сөз болды. Атап айтсақ салық жүйесі, ауыл шаруашылығын жолға қою, шекаралық өткізу пункттерін салу сынды өзекті мәселелер қаузалды.