Алматыда заңсыз салынған нысан сүріледі
Алматыда тағы бір заңсыз нысан cүріледі.
Бұл туралы қалалық құрылыс басқармасы хабарлады. Черновицкая көшесінде орналасқан үш қабатты үй құрылысына меншік иесі рұқсат құжаттарынсыз кіріскен. Яғни, эскиздік жоба келісімі мен сараптамасы, құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама болмаған. Тексеріс нәтижесінде меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданды. Кейін Жетісу аудандық соты басқарманың талап-арызы негізінде үйді бұзу туралы шешім шығарды. Қалада құрылысты бақылау күшейтілгелі бері соңғы екі жылда 63 заңсыз нысан сүрілген.