21 қаңтар – ҚР Инженерлік әскер күні
Бүгін елде инженерлік әскерилердің кәсіби мерекесі аталып өтіп жатыр. Салмақты саланың тарихы 1993 жылдан басталады. Өзге жауынгерлер секілді инженерлік сарбаздарға жауапкершілігі жоғары міндет жүктеледі.
Атап айтсақ, жарылыс қаупі бар аймақтарды миналардан тазарту, су тосқауылдары арқылы өткелдерді ұйымдастыру, диверсиялық жұмыстарды орындау. Сондай-ақ сап түзеген әскерилер үнемі ел ішіндегі түрлі оқиғалардың бел ортасынан табылып жүр. Әсіресе су тасқыны кезінде ел тұрғындары инженерлік әскерилердің көмегіне арқа сүйеді. Олар су басқан аудандардан 3 мыңнан астам адамды аман алып шықты, 400 тоннадан астам гуманитарлық көмекті жеткізуге атсалысты. Инженерлік әскер – қырағылықпен қатар жан-жақты техникалық білімді, тапқырлықты талап ететін сала.