Әлеуметтік эксперимент: балалар қауіпсіздігі сақтала ма?
Балалар қауіпсіздігі – қоғам жауапкершілігі. Ал бүгінде халық бұл жауапкершілікті сезіне ме? Көшеде бір жағдай бола қалса, бейтаныс адам балаға көмекке келе ме, қауіптің алдын ала ма?
Шаһардағы адам көп жүретін көшелерде жүргізген эксперимент барысында тұрғындар баланың қауіпсіздігіне бейжай қарамайтынын байқадық. Әсіресе қарттар мен орта жастағы адамдар жас баланы бейтаныс адамнан арашалап, ата-анасына хабар беруге қам жасады. Қоғамның балаға қамқорлығы әрқашан маңызды.
Авторлары: Нұрсұлтан Мұхамеджан, Нұрмахан Бекмұратов.