Сауда желілерінде картоп сатылымына қойылған шектеу алынып тасталды
Ірі сауда желілерінде картоп сатылымына қойылған шектеу алынып тасталды, деп хабарлайды 24KZ. Кейінгі екі күннен бері әр тұтынушыға өнім 2 келіден артық сатылмаған еді. Өйткені алыпсатарлар пайдаға кенелуге тырысқан. Қазір супермаркет сөрелерінде картоптың келісі 280 теңгеден тұр.
Сауда желісі өкілдерінің айтуынша, қоймада тауар тапшылығы жоқ. Ал елорда әкімдігінің мәліметінше, қалаға апта сайын 200 тоннадан астам картоп жеткізіледі.
Таңат Нұрсейтов, сауда желісінің меңгерушісі:
- Екі күнге ғана әрі кетсе, одан кейін алып тастадық шектеуді. Қазір шектеулер жоқ. Біз жергілікті «поставщиктерден» аламыз. Сапаның бәрін тексеріп аламыз. Біздің қорымызда қазір 80 тонна бар. Яғни азайған жағдайда тағы тапсырыс беріп отырамыз.