Елордалық құтқарушылар: Мұз үстіндегі қауіпсіздік басты назарда
Қыс мезгілінде елордалық құтқарушылар күшейтілген тәртіпте қызмет атқарып жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Себебі, Есіл өзені мен өзге де су тоғандарында балық аулайтын жандар көп. Мамандар жиі рейдке шығып, қала тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп тұрады. Абырой болғанда, Астанада биылғы қыста мұз үстінде ешбір оқыс оқиға тіркелмеген.
Ұлан Нұрғалиев, Астана қаласы Жедел құтқару жасағының бас құтқарушысы:
- Құтқарушылардың арнайы әркімнің 40 размерлік рюкзагы болады. Оның ішінде обвязка альпинистік жіптермен. Каска, очки.
24/7. Құтқарушылар күн демей, түн демей әркез шақыртуға сақадай-сай болуы керек. Әсіресе, қыс мезгілдерінде. «Бұл маусымда көмекке мұқтаж жандардың қатары арта түседі», - дейді мамандар.
Ұлан Нұрғалиев, Астана қаласы Жедел құтқару жасағының бас құтқарушысы:
- Неше түрлі шақыртулар болады. Мысалы қыстың күндері жолда қалып қалған оқиғалар көп болады, боранда. Жазда суға батқандар.
Боран болғанда көп болады. Ол кезде 10-нан асып кетеді. Өйткені неше түрлі ғимараттардан, темір-терсектер, құлайын деп тұрған, сондайларға да шақырады альпинистік жұмыстарға.
Риат Шони, арнайы тілші:
- Мұз үстіндегі қауіпсіздік басты назарда. Әсіресе, қыс мезгілінде қатқан мұздың үстінде балық аулайтын балықшылар қаптап кетеді. Осындай адамдармен тілдесу үшін құтқарушылар аэроқайық немесе жол талғамайтын арнайы көлікпен рейдтік шараларды жиі ұйымдастырып тұрады.
Қар кешкіш көлікпен құтқарушылар күніне 3 сағат Есіл өзенін жағалап өтеді. Жолда кезіккен балықшыларға және өзге де тұрғындарға қауіпсіздік шараларын әрдайым түсіндіріп, сақ болуға шақырады. Абырой болғанда, Астанада биылғы қыста мұз үстінде ешбір оқыс оқиға тіркелмеген.
Серік Килібаев, Астана қаласы Жедел құтқару жасағының құтқарушысы:
- Балықшылар көп болады. Судың арғы бетіне өтетіндерде болады кейде. Балықшылар енді шұңқыр қазып алып отырады. Оларға ескертулерімізді айтамыз. Қатты оймаңдар. Қауіпсіздік шараларын сақтасын деп. Балықшылар күн суық болса шықпайды. Жылы кезде көп болады.
Жалпы айта кету керек, мұздың қалыңдығы 25 сантимерден аспаса балық аулауға тыйым салынады. Ал 10 сантимердге жетпесе балық аулау түгілі жүруге де болмайды. Ережені елемегендер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 25 мың теңге көлемінде айыппұл арқалауы мүмкін.
Авторы: Риат Шони