Алматы облысында 10 шақты заңсыз құрылыс нысаны анықталды
Алматы облысында соңғы екі аптада заңсыз салынған 10 шақты құрылыс нысаны анықталды, деп хабарлайды 24KZ. Осындай 7 дерек бойынша әкімшілік іс сотқа жолданды. Сот арқылы құрылыстың заңсыз жүргізілгені дәлелденсе, қожайындары айыппұл төлеуге міндеттеліп, нысандар сүріледі.
Жыл басынан бері құрылыс саласындағы заңсыздықтар бойынша 9 миллион теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы былтыр осы тектес 745 іс қозғалғанын мәлімдеді. «Құрылыстың заңдылығын тексеру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады», – дейді жауаптылар.
Ғабиден Өзенбаев, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бөлім басшысы:
- 2024 жылы 171 материал толтырылды, анықталды жаңағы өз бетінше құрылыс нысандарының басталғаны туралы. Оның ішінде заңсыз салынған 25-і анықталды. Оның ішінде 10-ы бұзу туралы шешім қабылданып, қазір сот орындаушыларда қарастырылып жатыр. Олар ары қарай өздері жұмыс істейді.