Жамбыл облысында соғыс ардагері Р. Мамыралиев 100 жасқа толды

Жамбыл облысында Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Рахымжан Мамыралиев 100 жасқа толды, деп хабарлайды 24KZ. Байзақтық майдангерді мерейтойымен туған туыстары, ауылдастары мен әкімдік қызметкерлері және әскерилер құттықтады. Қорғаныс саласының мамандары қарияға министрдің құттықтау хатын табыстады. Ал өңірлік қолбасшылық оркестрі соғыс жылдарындағы әндерді ойнап, ардагерге құрмет көрсетті.

Рахымжан қария 1942 жылдың қаңтарында соғысқа аттанған. Ол Приморск өлкесі мен Ворошилов қаласын азат етуге қатысты. Одан соң Жапон соғысына аттанып, елге 1951 жылы оралған. Ақсақал бүгінде 9 баладан 24 немере, 35 шөбере сүйіп отыр. Қазір аймақта Екінші дүниежүзілік соғыстың 6 ардагері бар.

Алтынбек Бекмұратов, ардагер Р. Мамыралиевтің інісі:

- Қашаннан бері халқына қызмет етіп, осы сүт өндірісі зауытында өмір бойы осы облысымыздың құрметті азаматы. Талай еңбек еткен. Керемет, біз өзіміз көкемізді мақтан тұтамыз әр уақытта. Қауанамыз осы кісімен. Енді құдай осындай ғұмыр бұл кісіге берді, 100 жасап. Бәріне де, келешек ұрпақтарға осындай ғұмыр берсін.