Марракеш шарты: зағип жандар үшін ақпарат неғұрлым қолжетімді болады

Елімізде зағип азаматтарға бұдан былай ақпарат қолжетімді бола түспек.

Президент тиісті заңға қол қойды. Демек, зағип және көру қабілеті нашар адамдар жарияланған туындыларға оңай қол жеткізеді. Құжат авторлық құқықтарға қатысты ұлттық заңнаманы Марракеш шартына сәйкестендіруді қарастырады. Айта кетейік, Марракеш шарты 2013 жыл Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының дипломатиялық конференциясында қабылданған.  Онда зағиптар үшін әдеби және көркем шығармаларға қолжетімділігін жеңілдету, сондай-ақ кедергілерді жою көзделеді.

Саида Халықова Марракеш шартының қабылданғанына «бөркін аспанға атып», қуанғандардың бірі. Көзі көрмесе де көкірек көзі ашық ол кітапты жата-жастана оқиды. 30 жылын музыкаға арнаған ол, зағиптарға бұл саладағы оқу құралдары қолжетімсіз болғанын айтады. Енді заң бойынша, бұрын рұқсатсыз болып келген құқықтық кедергілер жойылады. 

Саида Халықова, музыкант:

- Қазақстан үшін мүмкіншіліктері ашылады, сол жағынан біз үлкен жұмысты жасап. Енді қазіргі таңда президент қабыл алды ратификация жасап. Біз өте қуаныштымыз өйткені, көру қабілетінен айырылған адамдарға ол өте үлкен көмек. Әлемде былай негізі қарағанда көретін адамдарға көп мәлімет бар. Оқу үшін, білімді болу үшін. Кейде оны таба алмай қаламыз. 

Қазақстанның Марракеш шартына қосылуы еліміздің барлық азаматтарының құқығы тең қорғалады дегенге саяды. Бүгінге дейін бұл келісімге 90-нан астам мемлекет қол қойған. Сол мемлекеттер арасында керекті кітаптар мен оқулықтарды зағип жандар да еркін ала алады.

Швейцария, Женева

Кенжеғұл Сейітжан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Ал үшіншісі ең маңыздылығы бұл біздегі мына қазақ тілдегі электронды кітаптарды барлық елдегі осы 97 қол қойған мемлекетпен алмасуға қазақ тілде алмасуға мүмкіндік бар. Көз жанарынан мүгедектігі бар азаматтарға осы қазақ тілін үйренгісі келетін үйретіп жүрген азаматтарға мен білемін мысалға моңғолияда мысалға қазақ тілдес азаматтар бар. Басқа да Ресейде басқа да елдерде 97 мемлекеттің ішіндегі қазақ тілін үйреніп жүрген азаматтар бар. Осы азаматтармен жаңағы келісім қол қойғандықтан барлығы ратификациялардырғандықтан алмастыруға мүмкіндік бар. 

Елімізде көру қабілеті нашар адамдарға арналған 7 облыстық, 4 қалалық арнайы кітапхана бар. Бұл кітапханаларда тек көркем әдебиеттер тізіліп тұр. Ғылыми мақалалар мен аудио таспаланған әдебиеттер тапшы.

Асхат Байұзақов, республикалық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана директоры:

- Мүгедектігі бар азаматтарға ақпарат алуға қолжетімділік, ол енді біз қазіргі таңда, біздің оқырмандар азаматтар мүгедектігі бар азаматтарзағип және нашар көретін, республика шеңберінде ғана алып жүрсе, жанағы ратификацияларға мемлекеттегі керек ақпараттарға қол жеткізе алады. Ол енді бұл кімге пайдалы десек, жастарға өте пайдалы. Өйткені оқып жатқан студенттерге және ғылым жолындағы жүрген азаматтарға ақпарат алмасуға. Өйткені бұл ақпарат осы кісілерге тегін беріледі.

Демек, бұдан былай зағиптарға брайль қарпімен жазылған оқулықтар мен аудио кітаптартар көбейе түседі. Қазірде ұлттық кітапхана қорында көру қабілеті нашар жандарға арналған миллионға жуық басылым бар. Оның тек 200 мыңға жуығы ғана брайльмен жазылған.

Айнұр Қуатқызы, Нұрсұлу Өмірхан, Қанат Махмұтов