Абайдың 180 жылдығын тойлау басталды
«Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында «Абай әлемдік ойдың алыбы» және «Абай бейнелеу өнерінде» атты көрмелер ашылды.
Онда ақынның 1909 жылы Санкт-Петербургте басылған шығармаларының тұңғыш жинағы, музей қорындағы қолжазбалар, музыкалық аспаптар және фотосуреттер көрермен назарына ұсынылды. Одан бөлек, музейде 900-ден аса бейнелеу өнер туындысы сақтаулы тұр. Олар кескіндеме, графика, кестелеу секілді техникамен жасалған. Бұл туындылар бұған дейін көрмеге қойылмаған. Себебі, қорға соңғы жылдары ғана әкелінген. Ақынның 180 жылдығы Абай облысында тойланады. Жалпы саны 500-ге жуық шара ұйымдастырылады.
Нұрсұлу Санақбекқызы, экспозиция және көрме ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі:
- Абайдың өзінің қолымен жазылған Мағауияға жазған хатының түпнұсқасы қойылып отыр, алғаш рет. Оны да осы көрмеден көруге болады. Сонымен қатар Абайдың елінде ерекше кең танылған үш ішекті домбыра, кезінде Әлмағамбеттер, Исраилдар Шәкір Әбеновтерн ойнаған домбырада көрсетіледі. Абайдың көзін көрген сол ауылдың көнекөз қариялардың жазған қолжазбаларын да көруге болады.