Жетісу облысында қар көшкіні жүруі мүмкін 61 аймақ анықталды

Биыл Жетісу облысының тауларына былтырғыға қарағанда 10-15 пайызға қар қалың түсті.

Сонықтан кей жерлерде қар көшкіні жүру қауіпі туындады. Осыған байланысты өңірдегі төтенше жағдай департаменті мен "Қазселденқорғау" мекемесінің қызметкерлері аталған аумақтарды тексеріп, қадағалау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Арнайы құрылған жұмыс тобы таулы аймақтағы қардың қалыңдығын өлшеп жатыр. Олар ақ ұлпаның тығыздығын және кристализациясын анықтайды. Соған қарап қауіптілік деңгейін бағамдайды. 

- Мынау жауған қарлар. Мынау кристальный, крупно зернистый кішкене қалыңдаған қар. Беткі қар пушистый мелкозернистый деп аталады. Жылыған кезде мына қар отырады да, мынаған кеп жабысады. Үстінен жаңа қар жауған кезде 30 см асқан кезде қауіп пайда болады.

Жетісу облысында 61 қауіпті аймақ анықталған. Оның басым бөлігі Текелі қаласындағы Жетісу Алатауының сілемдерінде орналасқан. Көрікті мекен тынығуға қолайлы болғанымен сақтықты қажет ететінін жергілікті тұрғындар жақсы біледі.  

Виктор Бакуленко, Текелі қаласының тұрғыны:

- Бұл жерде қар көшкіні негізінінен топырақты болады. Ал төменгі жақта қардың өзі ғана сырғып түседі. Сондықтан бұрындары шахтерлар жарылыс жасап қар көшкінінің алдын алатын.  Әрине бұл аймақ қауіпті сол себепті абайлап жүру керек. 

Текелінің тауларында талай жыл бойы қорғасын өндірілген. Сондықтан күн күрт жылыса қармен қатар лай көшкіні де болуы мүмкін. Қауіптілігін ескерген сала қызметкерлері көктемгі су тасқынының алдын-алуға арналған оқу жаттығуын осы жерде өткізеді.

Ринат Тазабеков, облыстық ТЖД басқарма бастығы:

- Облыс бойынша 47 су тасқынына бейім елдімекен бар. 2024 жылы соның 10 елді мекенінде алдын-алу су тасқынына қарсы шаралар атқарылып қауіп төмендетілді. Сонымен қатар екі елдімекен бойынша жобалар әзірленіп, жұмыстар ағымдағы жылы жүргізілетін болады.

Таудағы ақ ұлпа алдағы уақытта тағы қалыңдай түспек. Себебі «жақын күндері қар жауып, күн суытады»,- дейді синоптиктер.

Қуаныш Балғазынов, инженер-синоптик:

- Ақпан айында жауын- шашын көктайғақ көбінесе бірінші онкүндіктің соңында және кекінші онкүндіктің ортасында күтіледі. Және де борандар соғуы ықтимал. Көбінесе бірінші онкүндіктің басында, екінші онкүндікте және үшінші онкүндіктің ортасында күтіледі.

Сала мамандары «Ақпан қарлы болады. Айдың соңына таман Жетісу облысында күн жылына бастайды» деп болжам жасап отыр.

Шыңғыс Қалиден, Қуаныш Түргенбаев, Олжас Байбосын