Маңғыстаудағы «Тәжен» кеден бекеті жаңартылады
Маңғыстау облысындағы «Тәжен» кеден бекетінің өткізу қуаты биыл 8 есе ұлғаяды.
Жоспар бойынша бір жолақты жол үш жолақты болып кеңейтіледі. Бұдан соң Бейнеу ауданындағы бекет тәулігіне орта есеппен мың көлікке дейін өткізе алады. Нақты айтсақ, Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан кеден бекетінде 1 ақпаннан бастап қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Сол уақыттан бастап жеке тұлғалар және автобустар, жеңіл көлік құралдарын өткізу 3 ай мерзімге уақытша тоқтатылады. Ескеретін жайт, салмағы 3,5 тоннадан асатын автокөліктердің қозғалысына шектеу қойылмайды. Қазір осы аумақтан күніне 300-дей көлік өтіп жатыр.
Асылбек Қалмақбай, облыстық МКД кедендік әкімшілік басқармасының бөлім басшысы:
- Өзбекстан республикасымен шекаралас кеден бекеттері бар. Яғни өткізу пункттері. Ол жерлер «Бауыржан Қонысбаев», «Қапыланбек», «Сырдар» дейтін. Ол кеден бекеттері қазіргі таңда өз жұмысын тоқтатқан жоқ, жүргізілуде. Сол кеден бекеттерімен өткізу жұмыстары жүргізіле береді. Ол жерде Бейнеу станциясы бар. Халықаралық жүк тасымалдау станциялары мен поездармен жеке тұлғалардың жүре беруі ешқандай кедергісіз болады.