Қазақстанда 2029 жылға дейін бес мың шақырым теміржол салынады
Жалпы 2029 жылға дейін елде 5 мың шақырымға жуық теміржол салынады, деп хабарлайды 24kz.
Саланы дамыту тұжырымдамасына сәйкес 11 мың шақырым теміржол учаскесін жөндеу және 184 станцияны жаңғырту көзделген. Сондай-ақ Транскаспий көлік бағыты бойынша контейнерлік пойыздар санын 400-ден 3 мыңға ұлғайту жоспарланған. Бұдан бөлек, 1 200 жолаушылар вагонын, 444 локомотив сатып алу жоспарланған. Локомотивтердің 187-сі биыл қатарға қосылады.