Атырау мұнай өңдеу зауытына қатысты тергеу басталды
Атырау мұнай өңдеу зауытына қатысты тергеп-тексеру жұмыстары басталды, деп хабарлайды 24kz.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің өңірдегі департаменті зауыт қызметінде монополиялық сипат байқалады деп күдіктеніп отыр. Оған нарықтағы мұнай өндіру көлемінің және бағасының динамикасына жүргізілген талдаулар негіз болған. Яғни, зауыттың соңғы үш жылда орташа бағаны 31%-ке ұлғайтқаны анықталған. Қазір тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.