Ұлытау облысында 27 елді мекенді көктемде су басуы мүмкін
Онда екі жарым мыңнан аса адам тұрады. Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қазір өңірде өзен жағалары мен қорғаныш үйінділері нығайтылып жатыр.
Сонымен қатар 230 мың текше метр қар шығарылды. Ал ақпан айының соңына қарай арық, канал, су өткізгіш құбырлары тазартылады. Құтқарушылар өткен жылы су басқан үйлер мен тасжолдарды қатаң бақылауға алды. Жеке құрамның дайындығы да пысықталды. Өңірде көктемгі тасқынға байланысты жедел әрекет ету штабы құрылады.
Шыңғыс Сәмиев, ТЖД бастығының орынбасары:
- Алдын алу шараларының арқасында 16 елді мекенді су басу қаупі төмендеді. Төтенше жағдайлар қызметі көктемгі тасқын кезеңіне сақадай-сай. Министрліктің қолдауымен арнайы техникалар сатып алынды.