68 балалар орталығына ₸270 млн айыппұл салынды

Тауарлар мен қызмет көрсету ұйымдарына 8 мың мәрте мемлекеттік бақылау жүргізіліп, 6 мыңнан астам құқықбұзушылық анықталды. Бұл жайлы бас қалада өткен брифингте Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасының орынбасары Бауыржан Қасымов баяндады.

Әсіресе денсаулық, білім беру, тәрбие орталықтарында олқылықтар көп. Мәселен, былтыр 68 балалар нысанының қызметінен ереже бұзушылық анықталып, 270 млн теңге айыппұл салынды. Бұдан бөлек, жалған сертификат жасап, жұртты жаңылыстырған жағдайлар да анықталған.

Бауыржан Қасымов, ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасының орынбасары:

- 2024 жылы делдалдардың тауарларға сертификаттар алу сайттарына ауқымды тексеру жүргізілді. Сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік декларация тауардың қауіпсіздігін және оның сынақтардан сәтті өтуін растайтын ресми құжаттар болып табылады. Осылайша сұр сертификаттарды аккредитациясыз сатуды насихаттайтын 76 платформаны анықталдық. Оның ішінде Satu.kz және OLX сәйкестікті бағалау құжаттарын сату бойынша жарнамаларды бұғаттау және жою қажеттілігі туралы ескертілді.