БҚО-да күн және жел электр станциялары салынбақ

Батыс Қазақстан облысында 1 жел және 2 күн электр станциясы салынбақ, деп хабарлайды 24KZ. 10 мегаваттық күн станциясы шалғайдағы Жәнібек және Бөкей Ордасы аудандарында бой көтерсе, 30 мегаваттық екінші станция Теректі ауданы Пойма ауылында тұрғызылады. Ал жел электр станциясын Оралдың оңтүстігіндегі Свистун Гора ауданына салу жоспарланған.

Сонымен қатар Белес ауылындағы газотурбиналық электр станцияның қуатын 2052 жылға дейін 100 мегаваттан 200 мегаватқа өсіру көзделген. «Мұның бәрі өңірдегі электр қуатына тапшылықты жою үшін қажет», – дейді мамандар. Былтыр облыс тұтынушылары 2 млрд киловатт-сағат электр энергиясын пайдаланған. Соңғы кезде электр қуатына деген қажеттілік 40%-ке артқан.

Мирас Мүлкәй, БҚО энергетика және ткш басқармасының басшысы:

- Жоспар бойынша осы жылдың 2-ші тоқсаны басында осы аумақтарға біздің Энергетика министрлігі арқылы аукцион ойнатылады. Біздің ұсынысқа сәйкес Орал қаласында, Атырау трассасы бойында, қалаға кіреберіс жерде 200 га жерді белгілеп қойдық. Сәйкесінше жел станциясына қатысады ойнатылатын аукцион. Инвесторлар табу, өндірісті арттыру мақсатында бізге қуат көздері керек.