Алматыда «Digital Almaty 2025» форумы басталды. LIVE
Алматыда «Digital Almaty 2025» дәстүрлі форумы басталды.
Соның аясында Еуразиялық Экономикалық одақ елдері Премьер-министрлері қатысатын пленарлық отырыс өтеді.
Жиында цифрландырудың негізгі жобалары, жасанды интеллектіні қоғамның әр саласына енгізу және технологиялық даму тақырыбы талқыланады.
Алмас Садуақас, тілші:
- Digital Almaty цифрлық форумы – IT-технологияларды әртүрлі салаларда қолдану бойынша әлемдік және қазақстандық жетекші сарапшылар жиналатын алаң ретінде беделге ие. Форумға Еуропа, Азия, Солтүстік Америка және Таяу Шығыстың 21 елінен келген 200-ге жуық спикер қатысады. Форумның басты тақырыбы – жасанды интеллекттің экономика салаларында қолданылуы: қаржы, өндіріс, медицина, білім, және тағы басқа бағыттар.