Қазақ батальоны шартты жаудың көзін жойды
Қазақ батальоны жаудың көзін жойды.
Жамбыл облысындағы «Мәтібұлақ» полигонында әскери жаттығу өтті. Шабуылдау батальоны жауынгерлік машинадан оқ атып шартты қарсыластың сауытты техникасының тас-талқанын шығарды. Жаттығу кезінде отан алдындағы борышын өтеп жүрген мерзімді қызмет сарбаздары тактикалық-арнайы дайындық дағдыларын пысықтап, ұрыс қимылдарында ату машығын жетілдірді. Сондай-ақ нақты ұрыс жағдайында аман қалу тәсілдерін үйренді. Атап айтқанда, қираған техникадан экипаждарды эвакуациялау және жараланған жауынгерлерге алғашқы медициналық көмек көрсетті. Жиынға тоқсанға жуық әскери қызметші қатысты.