Ірі компаниялардың қаржылық есебінде ₸101,4 млрд бұзушылықтары анықталды
2024 жылдың қорытындысы бойынша қаржылық есептерінде бұзушылықтар анықталған 274 ұйым жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды 24kz.
Ішкі мемлекеттік аудит комитеті жүргізген тексерістердің нәтижесінде мекемелердің есептік құжаттарында бірқатар кінарат табылды. Соның салдарынан аталған ұйымдарға 116,6 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Қазіргі таңда оның 67,8 млн теңгесі өндірілді. Алдағы үш айда тағы 40 компанияның жұмысы профилактикалық бақылаудан өтеді.
Раманхан Төрегелдиев, ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитеті төрағасының орынбасары:
- 2024 жылы профилактикалық бақылау 92 жария мүдделі ұйымдарда жүргізілді. Жалпы сомасы 100 млрд-тан асатын бұзушылықтар анықталған. Оның ішінде қаржылық бұзушылығы 15 млрд болып саналады. Және рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар 86 млрд-тан астам.