Digital Almaty: стартап жобаларының көрмесі өтіп жатыр

Digital Almaty форумының жасанды интеллект пен цифрлық трансформация алаңында стартап жобалар көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды 24kz.

Онда екі күн бойы робототехникадан FIRST Tech Challenge чемпионатының республикалық кезеңі өтеді. Елдің 24 үздік мектеп командасы Digital Ministry Cup үшін бақ сынайды. Сонымен қатар стартап батл болады. Бәсекенің жүлде қоры 60 000 АҚШ долларына тең.

Дәстүрлі Стартап аллеясы 80 халықаралық инновациялық жобаны ұсынды. Бұл қатысушылар мен инвесторларға жаңа идеялармен танысуға мүмкіндік берді. «Индустрия X» аймағында технологиялық компаниялар ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда жүзеге асырылған жобаларды көрсетті. «Отандық жер қойнауын пайдаланушылар мен АҚШ, Ресей, Беларусь, Тәжікстан және Иранның технопарктері жасанды интеллектіні өндірісте кеңінен қолдануымыз тиіс», - деп санайлы. Oxford Insights бас директоры Ричард Стирлинг – осы форумға арнайы келген мейманның бірі. «Жасанды интеллектіні алаяқтар пайдаланып кетпес үшін маңызды шаралар қабылдауымыз тиіс», - дейді ол.

Ричард Стирлинг, Oxford Insights бас директоры (Ұлыбритания):

- Дипфейкпен күресте халықты жалған контентті тануға тәрбиелеу маңызды. Дипфейктің таралуын заң жүзінде тоқтату керек деп санаймын, Сол үшін заңамалық түрде жолын кесіп, реттеген жөн. Бізге жалған ақпаратты анықтайтын, қадағалайтын және оны бұғаттай алатын жүйе қажет.

Шындап келгенде жасанды интеллект өмірімізге мықтап енді. Қазір барлық салада бар. Осы бағытта өзге де ауқымды жұмыстар атқарылуда. Биыл да форумға қатысушылар жасанды интеллектінің өнеркәсіппен қоса, қаржы, медицина, білім беру мен ESG салаларына интеграциясын, цифрлық трансформацияның жаңа мүмкіндіктерін талқылады. Қазақстанда Жасанды интеллектіні дамыту тұжырымдамасы бекітілген. Ол саланың дамуына тың серпін береді.

Жаслан Мәдиев, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

- Осы тұжырымдама бойынша адами капиталды дамыту, инфрақұрылымды дайындау, инстутционалдық базасын осы бағыттар көзделген. 1813 минтех, финтех саласы банкілердің жұмыстарын телекомның оператордың жұмыстарын жасанды интеллект пен күшейту осындай бағыттар салалар көзделген тұжырымдамада.

Қазіргі таңда жүзеге асып жатқан халықаралық жобалардың қатарында қазақстандық CodiPlay экожүйесі бар. Оның жетекшісі Жанәділ Талдыбаевтың айтуынша, осы жоба арқылы Сауд Арабиясы мен Қатар елдерінен инвестиция тартылған. Дәл қазір экожүйеде миллионнан астам бала оқып жатыр. Балалар алдымен технологияны меңгеріп одан кейін бағдарлама жасап үйренеді. Қосымша сабаққа 1-сыныптан бастап 11-сынып оқушыларына дейін қатыса алады.

Жанәділ Талдыбаев, жоба жетекшісі:

- Дәл қазір біз 13 мемлекеттен 600-ден астам мектепте жұмыс істеп жатырмыз. Оның қатарында Оңтүстік Корея, Индонезия, Орталық Азия елдері, Өзбекстан, Әзербайжан, Ұлыбритания және Сауд Арабиясы мен Қатар бар. Біздің жоба және де біздің бағдарламаларымыз, біздің балаларды үйрететін экосистемамыздың оқу бағдарламасы. БҰҰ-мен мойындалып, Digital Public ретінде мойындалды және өткен жылда Ұлыбританияда «Жыл инновациясы» атанып, Attack Impact деген әлемдегі ең үлкен маркет плэйсінде бірінші орын алды, роботтар номинациясында.

Ертең Startup battle жеңімпаздары анықталады. Панельдік сессиясларда цифрлық сауаттылық, жасанды интеллект саласына кадрларды дайындау, бизнес және қоғам, мемлекет пен бизнестің ынтымақтастығы да талқыланды. Форум ертең де жалғасады.

Авторлары: Қарлығаш Қайыпбекова, Валентин Лобанов