Антифрод орталығы құрылғалы ₸1,5 млрд күдікті операциялары бұғатталды
Қазақстанда Антифрод орталығы құрылғалы бері 1,5 млрд теңгеге тең болатын күдікті операциялар бұғатталды, деп хабарлайды 24kz.
Орталық жарты жыл ішінде осындай нәтиже көрсетіп отыр. Бұл туралы бүгін Digital Almaty форумы аясында Ұлттық банктің «Ұлттық төлем корпорациясының» басқарма төрағасы Жанар Самаева айтты. Жасанды интеллект арқылы жұмыс істейтін Антифрод орталығы қаржылық алаяқтықтың жолын кеседі. Сарапшылардың пікірінше, жаңа технологияларды меңгеріп, оңай жолмен ақша тапсам дейтін қулар аз емес. Мысалы отандастарымыз былтыр интернет алаяқтарға 11,5 млрд теңгеге алданды. Бүгінгі форумға жиналған сарапшылар жасанды интеллект дәуірінде туындап отырған осындай сын-қатерлерге төтеп беру жолдарын да талқылады. Ұлттық төлем корпорациясы осы мақсатта құрылған. Мұнда күн сайын 2 млн-нан астам транзакция өңделеді.
Жанар Самаева, «ҚР Ұлттық банкі ұлттық төлем корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы:
- Жасанды интеллект көптеген мүмкіндіктерге жол ашады. 2024 жылдың шілдесінде Ұлттық төлем корпорациясы Ұлттық банк базасында Антифрод орталығын іске қосты. Антифрод орталығы іске қосылған алты айдың ішінде банктермен 1,5 млрд теңге бұғатталды. Бұл дегеніміз – 1,5 млрд теңге алаяқтардың қалтасына түскен жоқ.