«Достық – Мойынты» теміржолы құрылысына цифрлық теңге бөлінді
Биыл «Достық– Мойынты» бағытында жаңа теміржолы салынады, деп хабарлайды 24KZ. Оның «Мойынты – Қызылжар» учаскесі Қарағанды облысының аумағынан өтеді. Ұзындығы 360 шақырым теміржолды салуға 164 миллиард цифрлық теңге бөлінді.
Бұл таңбаланған ақша қажетті міндеттемелерді толық көлемде орындаған мекемелерге ғана төленеді. Есеп айырысу түпкілікті өнім берушілер мен мердігерлерге дейінгі тауар жеткізу тізбегі бойынша жүргізіледі. Яғни қаражаттың қайда жұмсалғаны анық көрініп түрады. Осылайша жемқорлыққа жол берілмейді.
Данияр Бигайдаров, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:
- Механизм қазірдің өзінде жұмыс істей бастады. Алғашқы цифрлық теңгелер жеткізушілер мен мердігерлерге жіберілді. Осылайша Қарағанды облысында «Достық – Мойынты» теміржолын салу шеңберінде 164 миллиард теңге, Атырау обылсында «Бұқар – Құлсары» автожолын жөндеуге 100 миллион цифрлық теңге бөлінді. Агенттік басшысы бұл өте маңызды жоба екенін және оның бүкіл салада енгізілуін, жымқыруға қарсы үлкен кедергі болатынын атап өтті.