ШҚО-да сейсмологиялық қауіп басым аймақтардың картасы жасалды
2024 жылы еліміз жер сілкінісінің жиілеуі бойынша 64-і орыннан 6-ға бірақ шыққан.
Осыған байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтілді. Алматы және Шығыс Қазақстан облысында сеисмикалық жағдайды бақылау үшін арнайы дабыл құрылғысы қойылған. Егер амплитудалық өзгерістер байқалса ТЖ қызметкерлері жедел әрекет етеді.
Бүгінгі таңда өңірде 12 осындай сейсмикалық құрылғы жұмыс істеп тұр. Олар Өскемендегі көпқабатты үйлер мен таулы өлкелерге қойылған. Мысалы, Зайсанда 1990 жылы магнитудасы 8 баллдық жер сілкінісі болған.
Нұрболат Өтеев, ШҚО ТЖД басқармасының инженері:
- Облыс аумағында 2021 жылдан бастап 12 сейсмодатчик, 2 сейсмостанция орналасқан. Бұл жер сілкіністері ақпараттарын тіркеп, Алматы қаласындағы ұлттық жер сілкінісі орталығына ақпаратты жолдап отырады.
Бүгінде жиналған мәлеметтер бойынша өңірдің сейсмикалық қаупі басым аймақтарының картасы дайындалған. Бұл ретте 75 елді мекен белгіленген. Енді бұл жерлерде жаңа ғимараттар бекітілген сейсмикалық тәртіп негізінде салынуы тиіс. Жалпы өңір бойынша 2 мыңнан астам үй мен 3 мыңға жуық әлеуметтік нысанның сейсмикалық беріктігін күшейту қажет. Үйлердің басым дені 90-жылға дейін салынған.
Гүлмира Сәтбаева, ШҚО Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы жобалау-сметалық құжаттама бөлімінің басшысы:
- Алдағы уақытта Өскемен қаласындағы сейсмологиялық қауіп басым жерлердегі тұрғылықты ғимараттардың паспорты дайындалады. Бұл ретте әлеуметтік маңызы бар нысандарға баса көңіл бөлінеді. Сондай-ақ көпқабатты үйлер де қамтылады.
Еліміздің құрылыс кодексіне өзгерістер енгізіледі. Заңда сейсмикалық қауіп басым өңірлерде құрылыс салуға қатысты нормалар да қамтылады. Ол еліміздің 45 пайыз аймағын қамтиды.
Руслан Нұрланұлы, Вячеслав Ветлугин, Жигер Бабақанов