Қазақстанның арнайы жасақтары Дубайдағы сайыста үздік шықты
Дубайда өткен SWAT Challenge 2025 бәсекесі осы жайтты тағы аңғартты.
Бес күнге ұласқан жарыс нәтижесінде еліміз атынан үздік ондыққа 5 команда енді. Соның ішінде істер министрлігіне қарасты “Сұңқар” жасағының көрсеткіші жоғары.
Шешуші кезең қазақ пен қытай құрамалары арасында өрбіген тартысты додамен ерекшеленді. «Сұңқар», «Сардар», «Арыстан» жасақтары соңына дейін күресіп, бас жүлдеден үмітін үзбеді. 5 күндік бәйгеде қазақстандық бөлімшелер қойылған тапсырманы тиянақты әрі үлкен шеберлікпен орындаған. Ал көпшілік асыға күткен ақтық кезеңге қазақы әуенмен шықты.
Бұл сында да сарбаздарымыз жоғары нәтиже көрсетті. Жалпы есепте Қытай полициясы бірінші және үшінші орынды иеленсе, екінші сатыға «Сұңқар» жайғасты. Күміс жүлде үшін берілетін 50 мың АҚШ доллары қоса табысталды.
«Сұңқар» жасағының жетекшісі:
- Бұл дайындық бізге оңай болған жоқ. Қандай мықты қарсыластарымыз болды. Жігіттер қолынан келгенше барын салды. жалпы жарыста қолдау білдіргендерге рақмет.
Ішкі істер министрлігінің жасағы әлем біріншілігінің екі кезеңінде жеңімпаз деп танылды. Ал Мемлекеттік күзет қызметіне қарасты «Сардар А» бөлімшесі ел қоржынына үшінші алтынды салған. Ұлттық қауіпсіздік комитеті жанындағы «Арыстан» ұжымы болса, күміс пен қоланы қанжығалап үлгерді. Қорытынды нәтижеде «Сұңқар», «Сардар», «Арыстан», «Ақтау» және Ұлттық ұланның алғашқы ондыққа енгені болды.
«Arystan» жасағының қызметкері:
Жігітер өзінің жігері арқылы дайындалды. Бірінші рет қатысып тұр көбі.
Жігіттер мінез танытып, дегенмен сәл қателік болды. Басшыларға және нұсқаушыларға рақмет. 1,5-2 айдың ішінде осындай құрам дайындап берді.
Қазақстан тарапынан 12 бірдей команданың айтулы аламанда бақ сынауы ұйымдастырушыларды қуантып отыр. Мамандардың айтуынша, бұл бұрын-соңды болмаған жағдай. Оның үстіне, осындай жарыстар арқылы арнаулы мақсаттағы жасақ жауынгерлерінің шеберлігі шыңдалады. Мәселен, Қорғаныс министрлігіне қарасты «Жаубасар және Астана полициясы департаменті атынан шыққан «Арлан» жасақтары суод челленджге алғаш қатысып, жоғары нәтиже көрсетті. Келер жылы жүлдеге таласуы мүмкін. Айта кеткен жөн, биылғы бәсеке көркін Томирис» қыздар командасы қыздырды. Ел намысын қорғап барған бұрымдылар қойылған тапсырмаларды түгел орындап, кей ерлер командасын артта қалдырды.
Рауан Мыңбай