Қостанайлық оқушыларға қаржылық сауаттылық негіздері үйретілді
Алаяқтардың арбауынан қалай құтылуға болады? Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің мамандары жоғары сынып оқушыларына осы тақырып аясында дәріс өткізді. Жастар қаржы пирамидасы және дропперлер туралы біліп, қылмыстық схемалармен танысты.
Сала мамандарының айтуынша, елде алаяқтарға алданған балалар да аз емес. Көбінесе оқушылар әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы қылмыстық әрекеттерге тартылады.
Әсемгүл Балжақаева, Экономикалық тергеу департаментінің жедел уәкілі:
- Әдетте мұндай қылмыстар табыс табуға оңай мүмкіндік ұсынатын жарнама арқылы жүзеге асады. Қазіргі таңда мектеп оқушылары, жасөспірімдер ақша тапқысы келеді. Қостанай облысында оқушыларды қаржылық пирамидаларға немесе дроп-схемаларға тарту фактілері тіркелмеген. Дегенмен Қазақстанның басқа өңірлерінде мұндай жағдайлар орын алған.