Норвегияда алтын қазына табылды
![Норвегияда алтын қазына табылды](/media/k2/items/cache/1d57fdca5938accb10284797d5bf15bc_XL.jpg)
Норвегиялық металл іздеуші олжалы болды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ставангер қаласының маңындағы Ренесой аралында жүргізілген қазба кезінде ол алтын қазына тапты. Одан 9 ілінбелі тиын, 10 моншақ және 3 сақина шыққан. Тиындарда жылқы бейнеленген. Алтын әшекейлердің жалпы салмағы 100 грамнан асады. Қазына біздің заманымыздың 500-ші жылдары көмілген көрінеді. Бірақ соған қарамастан бұйымдар жақсы сақталған. Құнды жәдігер ғасыр қазынасы саналады. Өйткені бұл аймақта алтын көмбе соңғы рет ІХ ғасырда табылған екен.