Антарктида мұзы рекордтық минимумға жетті
![Антарктида мұзы рекордтық минимумға жетті](/media/k2/items/cache/8f2538c7c1f3ef6741b624cf3e687ae4_XL.jpg)
Антарктиданың айналасындағы теңіз мұзы рекордтық минимумға жетті.
Бұл туралы АҚШ-тың Ұлттық қар және мұз деректері орталығы хабарлайды. Қазір материкте, бүкіл оңтүстік жарты шардағыдай, қыс аяқталды. Теңіз мұзының ауданы 17 миллион шаршы метрді құрап отыр - бұл 1979 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш. Ғалымдардың айтуынша, мұздың еруіне климаттық өзгерістер мен жаһандық жылыну әсер еткен. Ал бұл өз кезегінде материктегі жануарлар әлеміне кері әсерін тигізіп отыр.