Израиль шабуылдарынан қаза тапқан палестиналық саны 20 мыңға жетті
![Израиль шабуылдарынан қаза тапқан палестиналық саны 20 мыңға жетті](/media/k2/items/cache/438aa5368975a6e50a3d20d6aaea215a_XL.jpg?t=20231221_041149)
Газа секторында Израиль шабуылдарынан қаза тапқан палестиналықтардың саны 20 мыңға жетті.
Бұл туралы ХАМАС-тың баспасөз қызметі хабарлады. Опат болғандардың 8 мыңға жуығы бала және 6200-і әйел. 7 қазан күні басталған қақтығыс салдарынан 52 мыңнан астам адам жарақат алып, тағы 6700 тұрғын хабар-ошарсыз кетті. Жалпы алғанда 310 медицина, 35 азаматтық қорғаныс қызметкері және 97 журналист қаза тапқан.