Ташкентте «Қамбар ата-1» су электр станциясының құрылысы талқыланды
Қырғызстанда салынатын «Қамбар-ата-1» гидроэлектрстанциясы үш елдің, яғни Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстанның энергетикалық сұранысын белгілі бір мөлшерде реттеуге мүмкіндік береді.
Ал жоба сәтті жүзеге асса, болашақта басқа мемлекеттерге қуат көзін экспорттап, пайда табуға жол ашпақ. Бүгін Ташкентте Қамбар-ата-1 ГЭС құрылысы талқыланған жиын өтті. Оған Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанның энергетика министрлері мен, инвестор ретінде бүкіләлемдік банктің Орта Азиядағы өкілдігі қатысты. Станция қуаты 1800 мегават боламақ. Бұл жобада Қазақстан мен Өзбекстанның үлесі 33 пайыз, ал Қырғызстан 34 пайыз акцияға иелік етеді. Инвестордың қарызынан құтылғаннан кейін үш мемлекет түскен пайданы теңдей бөліп алмақ. Құрылыс жұмыстары он жылға жалғасады. Оған 6 млрд АҚШ долларын жұмысау көзделген.
Сұңғат Есімханов, ҚР Энергетика министрінің орынбасары:
- Қамбарата-1 гидроэлектрстанциясының құрылысы үш мемлекеттің су режимін сақтауға мүмкіндік береді. Екіншіден, энергетикалық мәселелер толығымен шешілмесе де, қандай да бір бөлігін жабуға септігін тигізеді. Біздің оңтүстік аймақтар үшін ГЭС-тің салынуы тиімді болып отыр. Себебі біз қазір энергияны елдің солтүстігінен жеткізіп отырмыз. Үшіншіден, бұл жоба іске қосылғаннан кейін қуатты экспорттасақ, үш елге де пайда әкеледі.