Испанияда орман өртіне байланысты ТЖ жарияланды
Испанияда орман өртіне байланысты төтенше жағдай жарияланды.
Елдің солтүстік-батысындағы Кастилия аймағынан шыққан қызыл жалын 3 мың гектарға таралып үлгерген. Табиғат апатынан 2 қала халқын эвакуациялау басталды. Тілсіз жаумен күреске өрт сөндірушілерден бөлек әскерилер жұмылдырылып жатыр. Мамандар лаулаған жалынды сөндіруге жел кедергі келтіріп тұрғанын айтады.