Израиль әскері Газаға шабуылды күшейтті
Израиль әскері Газа қаласына шабуылды күшейтті.
Кейінгі бір тәулікте шаһардағы аудандар танкілермен атқыланып, ұшақтар 140 нысанға соққы жасады. Аймақтағы Денсаулық сақтау органының хабарлауынша, бомбалаудан 20-дан астам адам көз жұмып, ондаған тұрғын жараланған. Үйінділер астында қалып қойғандарды іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Бірақ Израиль әскерінің қаланы жиі атқылауы бұған кедергі келтіріп жатыр, дейді тұрғындар.