Испания жасөспірімдері әлем чемпионатында 15:0 есебімен жеңіске жетті
Дәл осы күндері Катар астанасы Доха қаласында футболдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. 17 жасқа дейінгі аяқдопшылардың дүниежүзілік додасында тағы сол Испания бәрін талқандап жатыр, деп хабарлайды 24KZ.
Алдымен Қытай құрамасын 5:0 есебімен ұтқан испандар кеше Фиджи аралдарымен болған кездесуде голдан тау тұрғызды. Үзіліске дейін есепті 9:0-ге жеткізген қызыл фурия мұнымен тоқтамай, екінші таймда тағы алты гол соқты. Рафа Крус бес голды еншісіне жазса, Роберто Томас хет-трик авторы атанды. Қорытынды есеп 15:0. Испания жеке-дара көш бастап келеді.
Бүгін футболдан Еуропа чемпиондар лигасының 5-ші тур ойындары жалғасады
Чехияның «Славиясы» мен Испанияның «Вильярреалы» және Италияның «Интері» мен Германияның «Штутгарты» арасындағы тартысты ойынды сіздер кешкісін Хабар арнасының тікелей эфирінен көре аласыздар.
«Бавария» негізгі ойыншыларынан қағылды: командаға қиын сынақ
Бавария клубының жанкүйерлері бүгін қатты алаңдаулы. Біріншіден, команданың сұрмергені Харри Кейн жарақатына байланысты алаңға шыға алмайды. Одан бөлек, команданың белді ойыншылары Мануель Нойер мен Майкл Олисе сондай-ақ Исмаэль Сайбари мен Серж Ганбриде әртүрлі себептермен Германияда қалып қойды. Ал Джамад Мусиаланың болашағы бұлыңғыр. Қырсық бір айналдырса, шыр айналдырып, Мусиала құлан-таза айыға алмай жүр. Чемпиондар лигасында Баварияның турнир кестесіндегі жағдайы да мәз емес. Үздік сегіздік былай тұрсын, Венсан Компания шәкірттері бүгін сүрініп жатса, плей-оф кезеңінен шығып қалу қаупі басым. Дегенмен Карл, Бишоф, Браун секілді жас футболшылардың көсілетін кезі келді. Өйткені мұндай мүмкіндіктер туа бермейді. Ал Лилльдің тасқамал қорғанысын бұзып өту оңай шаруа емес.
«Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы айбыны қайда?
Бұрындары дүниежүзі бойынша Манчестер Юнайтедттің жанкүйері көп еді. Қазір олардың қатары сиреп барады. Өйткені команданың сүреңсіз ойыны фанаттардың көңілін қалдырып болды. АҚШ тан аттай қалап алдырған Пачеттино бапкердің қанша отыратынын кім білсін, бірақ бастамасы өте нашар болды. Ман Юнайтед Ағылшын премьер лигасының соңғы турындаЛиверпульден ойсырай ұтылды. Бүгін қызыл жейделі жігіттер Португалияда жергілікті Спортингпен күш сынасады. Сэр Алекс Фергюссон кезінде Манчестерден бәрі қаймығатын. Ал қазір ағылшындарды айналып өту соншалықты қиын шаруа емес. Ендеше бүгін де Пачеттино командасы сүрініп жатса, оған ешкім таңқалмайды.